Үкімет ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті
12:32, 03 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады ресми бұқаралық ақпарат құралдары.
Стратегиялық жоспар ҚР Үкіметінің 2010 жылғы сәуірдің 3-індегі қаулысымен бекітілді. Бұл қаулы 2010 жылғы қаңтардың бірінен бастап күшіне енді және ресми жариялауға жатады.