Үкімет қысқы жем-азық дайындау үшін қосымша қаржы бөлу мәселесін қарастырып жатыр

None
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрінің басшысына қысқы жем-азықты дайындау үшін қосымша қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Осындай тапсырманы Үкімет басшысы Қостанай қаласындағы «Қарасу ет» ЖШС ет шығарушы кешенін аралау барысында айтты.

«Біз қысқы жем-азықты дайындау үшін қосымша қаржы сұрайтын боламыз. Бүгінгі таңда осы мақсаттар үшін ақша бөлінуде, бірақ біз жағдайды ескере отырып, ресурстарды көбейтпекпіз», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Министрдің айтуынша, осы мәселе Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстарында өзекті болып отыр.