Осындай тапсырманы Үкімет басшысы Қостанай қаласындағы «Қарасу ет» ЖШС ет шығарушы кешенін аралау барысында айтты.
«Біз қысқы жем-азықты дайындау үшін қосымша қаржы сұрайтын боламыз. Бүгінгі таңда осы мақсаттар үшін ақша бөлінуде, бірақ біз жағдайды ескере отырып, ресурстарды көбейтпекпіз», - деді Ақылбек Күрішбаев.
Министрдің айтуынша, осы мәселе Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстарында өзекті болып отыр.