Үкімет мәжілісінде әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың стратегиялық бағыты мен Президенттің 100 мектеп және 100 аурухана салу жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысы қаралады
09:29, 22 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Онда әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың стратегиялық бағыты мен Президенттің 100 мектеп және 100 аурухана салу жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысы қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.