Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінде Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚРҮкіметінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегікеңейтілген отырыста берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау жөніндегііс-шаралар қаралды.

ҚРПремьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚРПремьер-Министрінің орынбасарлары Ж. Қасымбек пен Г. Әбдіқалықова, ҚР Ұлттықбанкінің төрағасы Е. Досаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндамажасады.

«Мемлекетбасшысы халықтың әл-ауқатын және жалпы экономиканы жақсартуға бағытталғанбірқатар тапсырмалар берді», — деп ҚР Премьер-Министрі, Үкіметтің қазіргі жәнеалдағы басты міндеті – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және табысынарттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жаңа инвестициялар тарту екенін атапөтті.

Барлықмемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен әкімдіктер инвестицияларды тартубойынша жұмысты белсенді түрде жүргізулері тиіс. Осы жұмысты бақылау үшін әрбірмемлекеттік органға, холдингке және әкімдікке өзекті тиімділік көрсеткіштерібелгіленеді.

ҚРҮкіметінің басшысы жаңа тиімді жұмыс орындарын құрып, экономиканың басымдықтысекторларында өндірісті әртараптандырудың, озық технологияларды енгізіп,экспортты кеңейтудің қажеттігін атап өтті.

«Әлеуметтіксаланы дамыту мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынады. Соның ішінде,мұқтаж адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің нақты және ашық рәсімдерібелгіленеді, әлеуметтік қолдаудың кепілді көлемін көрсетудің бірыңғай тәсілдеріжасалады», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Білім берусаласында білім мен ғылымды толық қаржыландыруды қамтамасыз етудің іс-қимылжоспары әзірленеді, мектепте және кәсіптік-техникалық білім беруді одан әріреформалау жұмысы жалғасады.

«Бюджеттіқалыптастыруға халықтың қатысуын қамтамасыз ету үшін пилоттық режимде»халықтық бюджет« жобасы енгізіледі», — деді А. Мамин.

Үкіметотырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шараларжоспары бекітілді.

«Іс-шараларжоспары толығымен және сапалы орындалуы тиіс», — деп ҚР Премьер-Министрі,Үкіметтің Жобалық офисі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен сайлауалдыбағдарламасын іске асыру барысына бақылау жүргізудің негізгі құралынаайналатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар