Үкімет мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша заң жобасын бекітті

None
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы мақұлданды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру үшін орталық пен өңірлердің арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің аражігін ажырату жөнінде нақты шараларды қабылдау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды күшейту мақсатында аталған заң жобасы әзірленіп отыр.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, бұл құжаттар мемлекеттік қызметтерді барынша жақындату, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтердің қайталануын жою мәселелері қарастырылған.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға және жергілікті, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері қызметінің қайталануын болдырмау мен жергілікті атқарушы органдарды күшейту және мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша жақындатуды ескеріп отыр.

Айтка кетейік, бұдан басқа, Президент Әкімшілігінің келісуімен аталған заң жобасымен Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің аумақтық органдарының функцияларын облыстық деңгейге беру көзделеді.