«Елбасы Н. Назарбаев қазіргі таңдағы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бюджет қаражаттарын тиімді жұмсау басты проблемалардың бірі екенін айтып әділ сынады. Бұл үдерістердің күрмеулі қалуы сыбайлас жемқорлыққа, сондай-ақ экономиканың орнықты дамуына кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты, Үкімет мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа редакциядағы заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр», - деді министр Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, жаңа редакциядағы заң жобасында Қазақстанның халықаралық келісімдер бойынша қабылдаған міндеттемелері, оңтайлы құқық қолдану тәжірибелері және практикалық тәжірибе қорытындылары бойынша электрондық сатып алулардың өткізілуін жеңілдететін нормалар көрініс табатын болады. «Бірыңғай ұйымдастырушы жұмыстарының алғашқы нәтижелері де ескерілетін болады», - деді ол.