«Жол картасын жүзеге асырудың барысын өңірлердегі нәтижелер бойынша қарастыруды ұсынамын және олардың есептерін тыңдайтын боламыз. Сондықтан да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өңірді анықтап, ол жерге жағдайды зерттеуге жұмыс тобын жіберіңіз. Бұған қоса осы жұмыстарға Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Өңірлік даму министрліктерінің мамандарын тартыңыздар»,- деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар С. Ахметов жергілікті жерлерде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың барысын тыңғылықты қарастыруды жүктеді.
«Бағдарламада ескерілген тетіктерді біз тиімді пайдалануымыз қажет. Бұл барлық Үкімет мүшелеріне және өңірлер әкімдеріне қатысты»,-деп түйді Премьер-Министр.