Үкімет оралмандарды қоныстандыру көзделген «Нұрлы көш» бағдарламасын қайта қарастыруы қажет - ҚР Президенті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкімет оралмандарды қоныстандыру көзделген «Нұрлы көш» бағдарламасын қайта қарастыруы қажет.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Үкіметтің көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруы қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы, ел халқын оңтайлы қоныстандыру жүйесінде енгізу өзекті екендігін ескертіп өтті. Сонымен қатар, оралмандарды қоныстандыру мәселесін түбегейлі шешуді, бұл ретте оларды бір жерге шоғырландыру көзделген «Нұр көш» бағдарламасын қайта қарастыруды баса айтты.

«Белгіленген бұл мәселелерді шешу Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевқа жүктеледі», - деді Н.Назарбаев.