Үкімет отырысы: пайдаланылмай жатқан жерлердің басым бөлігі - жайылымдар

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Пайдаланылмай келген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауқымды көлемі жайылымдарға тиесілі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті. Министрдің сөзіне қарағанда, 14 млн. гектар аумақта суармалы құрылғылардың саны 12,6 мыңды құрап отыр. Оның ішінде 2,7 млн. гектар жердегі 2,5 мың суару құрылғылары жөндеуді қажеттілік етпейді. Сонымен қатар 9 мың суару құрылғыларын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. «Табиғи су қоймалары барлық жайылымды жерлердің 40 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы. Ал, қалған жайылымдардың аумағы жер асты суларының деңгейін көтеру үшін инженерлік құрылғыларды құруды қажеттілік етеді»,-деді Б. Жәмішев.