«Менде тұрғын үй құрылысы бойынша ескерту бар. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында өткен жылы 138 мың шаршы метр арендалық үй тапсыру көзделген болатын. Нәтижесінде, 100 мың шаршы метрден сәл астамы ғана тапсырылды»,-деді Елбасы.
«Бұдан бұрынғы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясындағы нысандар әлі күнге дейін тапсырылмаған. Егер жұмыс былай жалғасатын болса, онда қаржыны не үшін бөліп отырмыз»,-деп тоқталған Президент: «Еркінсіп кеттіңдер. Осы мәселе бойынша, біз бұдан бұрын дағдарысты еңсеру бағдарламасын жүзеге асырғанда барлық әкімдер жұмыс істеп, бұл бағыттағы шаралар нәтижелі болған еді. Ал, қазір барлықтарың дем ала бастадыңдар, жұмыс істеуді қойдыңдар. Қаржы ресурстары бөлініп жатыр. Мұнан басқа енді не керек»,-деп ескерту жасады Н. Назарбаев.