Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«12 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметов өткізетін ҚР Үкіметінің отырысында 2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасы қарастырылады. Сапалы агроөнеркәсіп өнімдеріне деген тапшылықты ескерсек, Агроөнеркәсіптік кешен жалпыұлттық экономикамыздың маңызды бағыты болып табылатынын атап өткен жөн», - деді ресми өкіл.