«8 қазанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту мәселелерін талқылау мақсатында Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді. Қайта өңдеу - қазақстандық өнімдердің бәсекелестікке жолын ашатын ауыл шаруашылығының өте маңызды бағыты», - деп тоқталды ресми өкіл.
Атап айтқанда Үкімет отырысы барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қабылдаған бірыңғай Кешенді жоспары туралы аталған ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков баяндайды.