Үкімет отырысында бәсекелестікті қорғау жүйесі мәселелері қаралатын болады

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 21 қаңтарда, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында ортада қолайлы бәсекелестікті қалыптастыру жолымен тұрықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарау жоспарлануда. Бұл туралы primeminister.kz. сайты хабарлады.

Қолданылатын шаралар туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов баяндайды.