Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін отырыс барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы сөз болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелерін және 2013-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнеркәсібін дамыту бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын талқылау жоспарланған.
Аталған мәселелер бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды.