Үкімет отырысында құнды қағаздар мәселесі талқыланбақ

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында құнды қағаздар мәселесі талқыланады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«29 қаңтар күні Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді. Онда мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы қор нарығына шығару мәселесі жөніндегі Үкімет қаулысының жобасы және еліміздің атқарушы мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық комиссиясымен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланады»,-деп түйді ресми өкіл.