АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында жылу желілерін жаңғырту мен білім беру мәселелері қаралады. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«1 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Үкімет отырысын өткізіп, оның барысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Марат Оспанов 2014-2020 жылдарға арналған жылу желілерін жаңғыртудың кешенді жоспарын ұсынбақ», - деді ресми өкіл.
Сонымен қатар Министрлер кабинетінің отырысында мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің ағымдағы жағдайы мен оның даму келешегі туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов баяндап береді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.