Үкімет отырысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтары туралы мәселе қаралады

АСТАНА. Қыркүйектің 2 -сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада селекторлық режимде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтеді.

Кеңесте Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері, 2010-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы, сондай-ақ мектептердің жаңа 2010-2011 оқу жылына дайындықтары туралы мәселелер қаралады.