«Елімізде моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген болатын. 27 моноқаладағы 1 млн. 530 мың халыққа бағытталған бұл бағдарламаның басты мақсаты - жергілікті экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ жаңа өндіріс орындарын ашып, жаңа жұмыс орындарымен халқымызды қамтамасыз ету», - деді ресми өкіл.
Атап айтқанда, Үкімет отырысы барысында бағдарламаны іске асыру барысы және осы бағытта алдағы атқарылатын маңызды қадамдар кеңінен талқыланатын болады.