деп хабарайды ҚазАқпарат.
Үкімет отырысы барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдегі денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы саласындағы және сондай-ақ басқа да маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша баяндап, ОҚО-ның өнеркәсіптік бағдарламасымен таныстырды. «Ақтөбе облысының әкімдігіне де осындай бағдарламаны әзірлеп шығуды тапсырамын», - деді К.Мәсімов. ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, алғашқы кезеңде Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өнеркәсіптік мәселелерін қарастыру бойынша шаралар жүргізіледі. Кейіннен осы бағдарламамен басқа облыстардың да мәселелері шешілетін болады. Осы орайда Үкімет басшысы бірінші орынбасары Ө.Шөкеевке барлық мемлекеттік органдармен ОҚО әкімдігі арасындағы үйлестіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін басқаруды тапсырды.