Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, күн тәртібінде 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңды және «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты мәселелер қарастырылады.
Сондай-ақ, Үкімет мүшелері әлеуметтік-маңызды қызметтерді, лицензиялардың барлық түрлерін және анағұрлым сұранысқа ие рұқсаттамалық құжаттарды 2012 жылдың соңына дейін электрондық санатқа көшіру мәселелерін де қарастырмақ.
Сонымен қатар, алдағы аптада Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі бойынша бірқатар жұмыс мәжілістерін өткізуді жоспарлап отыр.