Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Ертең, 19 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен Үкіметтің отырысы өтеді. Облыс әкімдері селекторлық байланысқа шығып, отырыс барысында аймақтарда су тасқыны болған жағдайда облыстардың дайындығы мәселелері қаралуы көзделген», - деді ресми өкіл.