Үкімет отырысында жастар саясаты мәселелері талқыланады

None
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында жастар саясаты мәселелері талқыланады. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында  ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми  өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«20 қарашада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді. Онда жастар  саясаты мәселелері бойынша Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындау барысы талқыланады», - деді ресми өкіл.