Үкімет отырысында жастар саясатына қатысты мәселелер қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Күн тәртібінде - жастар саясаты мәселелері және мүлікті жария ету акциясының қорытындысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.