Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Елімізде жылу беру маусымының зор әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ертең ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов төрағалық ететін Үкімет отырысында еліміздің барлық өңірлерінде жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланады. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданбақ»,-деді ресми өкіл.