Үкімет өз қаулысымен Кеден одағының аумағынан әкелінген тауарларды жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекітті

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылғы 23 қарашадағы №1235 Қаулысымен Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына әкелінген, сату айналымдары Кеден одағында қосымша құн салығынан босатылатын тауарларды жөндеу, оның ішінде оларды қалпына келтіру, құрама бөлшектерін ауыстыру жөніндегі қызмет көрсетулердің тізбесін бекітті.

Қаулының толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

Құжат 2010 жылы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.