Үкімет пен әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды популизмсіз шешуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет пен әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды популизмсіз шешуі тиіс. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды популизмсіз, көрсеткіш қумай шынайы шешуі тиіс»,- деп атап өтті Елбасы.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әрбір өңірінің стратегиялық маңызы бар екендігін баса айтты.

«Біз өмір сапасының жаңартылған өңірлік стандарттарына негізделген елдің жаңа картасын қалыптастыруға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.