«Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бірқатар аспектілерді атап, болашақ үшін өте қызықты бағыттарды нақтылады. Шын мәнінде бізде мемлекеттік бағдарламалар артылып отыр және олар өзара қиылысатын тұстар бар. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда қолдауға тәуелділік жағдайы проблемасы да бар», - деп тоқталды Д. Әшімбаев.
Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде сайлауалды бағдарламасындағы көптеген аспектелерді ашып отыр. Онда бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру бойынша жұмысты қалай ұйымдастырудың бағыты айқындалған.
Президент Үкімет пен әкімдер корпусын өзгеріссіз қалдырғанына тоқталған сарапшы, бұл өз кезегінде бүгінде жұмыс қарқынында бірде-бір күнді жоғалтуға жол бермеуді білдіретіндігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалар санын қысқартуды жүктеген болатын. Осы орайда Президент мемлекеттік бағдарламалардың санын қысқарту қажет екенін, ал салалық бағдарламаларды мүлдем алып тастау керектігін атап өтті. Салалық бағдарламалардың маңызды тұстары стратегиялық жоспарларға қосылатын болады.