Құжатты Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал МАГАТЭ жағынан ұйымның бас директоры Юкия Амано бекітті. Атап айқанда, банк ШҚО-дағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасады. Онда атом энергетикасының қажеттілігі үшін пайдаланылатын төмен байытылған уран сақталады. Қол қою рәсіміне Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Франция, Ресей өкілдері, сондай-ақ осы жобаның донор елдері болып табылатын Еуропа одағы, Кувейт, БАӘ өкілдері қатысты.
10:40, 27 Тамыз 2015
Үкімет пен МАГАТЭ арасында Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) еліміздің аумағында төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойды.