Аталған құжат бойынша ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев баяндама жасады.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, Тұжырымдаманың негізгі қағидаты - рұқсат беру құжаттарының жіктемесін, сондай-ақ оларды қауіп деңгейі бойынша санаттауды ескеретін жүйеленген рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады. Айта кетейік, Тұжырымдамада барлық енгізілетін рұқсатнамалар реттелетін салаға ықпал ету бағалауынан өтуі тиіс, егер де заңмен тікелей тыйым салынбаса кез келген қызметпен айналысуға болатындығы, мемлекет, кәсіпкерлер және тұтынушылар мүдделерінің сақталуының теңдігі ескеріледі. Аталған Тұжырымдаманың әзірленуінде Қазақстанның рұқсатнама жүйесі және әлемдік тәжірибенің талдауы басшылыққа алынды.