Үкімет сағатында 2010 жылы туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыстар және алдағы даму міндеттері сарапқа салынады

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 28 наурыз күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.

Бұл күні парламентшілер «2010 жылы туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыстар және алдағы даму міндеттері туралы» деген тақырыпты талқыға салады.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.