Үкімет сағатында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың жай-күйі сөз болады

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 6 желтоқсан күні, Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010-2014 жылдардағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың салалық бағдарламасының негізгі бағыттары туралы» деген тақырыпты талқыға салады.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.