Үкімет сағатында денсаулық сақтау мәселелері қаралады

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 20 ақпанда Мәжілісте «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын

іске асырудың бірінші жылының қорытындысы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндама жасайды. Сонымен қатар, баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Үкімет сағаты Мәжілістің отырыс залында сағат 10-00-де басталады.