Үкімет сағатында мәдениет саласының даму мәселелері талқыланады

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы дүйсенбі, 6 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді.

Басқосуда «Қазақстан Республикасындағы мәдениет саласының дамуы» деген тақырыптағы мәселелер талқыға түседі.

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиын барысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед аталған тақырыпқа баяндама жасайды деп күтілуде.