Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.
19:18, 02 Наурыз 2012
Үкімет сағатында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және Қарашығанақ жобасына қатысты мәселелер талқыға салынады
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 5 наурыз күні, сағат 10-да Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарында Үкімет сағаты өтеді.