Үкімет сағатында туризм мен спортты дамытудың міндеттері мен келешегі сөз болмақ

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Маусымның 8-інде Мәжілістің отырыс залында «Туризм мен спортты дамытудың міндеттері мен келешегі» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.Үкімет сағатының тақырыбы аясында Мәжіліс үйінде көрме ұйымдастырылады.