Үкімет сағатында тұтынушылар құқын қорғау мәселесі талқыланатын болады

None
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 18 наурызда Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Ондағы тақырып «Тұтынушылар құқын қорғау - мемлекеттік саясаттың басымдығы» болып отыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Үкімет сағаты аясында аталған тақырыппен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов баяндама жасайды деп күтіледі.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы Үкімет сағаты барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беретін болады.