Үкімет сағатында жер мәселелері талқыланады

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі 4 қарашада Мәжілістің отырыс залында «Жерлерді мелиорациялаудың проблемалары және оны шешудің жолдары» деген тақырыппен Үкімет сағаты өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкімет сағаты тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрі депутаттар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беретін болады.