АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет шұғыл шараларды қолға алу үшін 250 млрд. теңгелік қор құрады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Үкімет шұғыл әрі жедел шараларды қолға алу үшін айтарлықтай қор құруы тиіс. Жыл бойы ішкі және сыртқы әсерлердің ықпалымен түрлі жайттар орын алуы мүмкін. Қандай да бір шұғыл жайттар орын алуы ықтимал. Сол үшін мен Үкіметке 250 млрд. теңге көлемінде қор құруды тапсырдым», - деді Елбасы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.