Үкімет табысты толық көлемде алу жағынан Қазақстанның мүддесін қорғауы тиіс - Президент

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорда баспасөз қызметінің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Мұнай-газ компанияларының әлеуметтік аударымдарының арқасында мыңдаған азаматтарымызға, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін заманауи мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары, басқа инфрақұрылым нысандары салынды. Дегенмен, біз бір орында тоқтап қалмауымыз керек», - дейді Президент.

Оның айтуынша, өндіріс деңгейін жүйелі негізде арттыруымыз қажет.
«Осыған байланысты мен Үкіметке Консорциумның мердігер компанияларымен бірлесіп, Қашаған кен орнын толыққанды игерудің Жол картасын қысқа мерзім ішінде келісуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
«Әділдік индексі» аясында туындаған мәселелер бойынша ортақ келісімге келу қажет. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр. Сондықтан Үкімет түсетін табысты толық көлемде алу жағынан Қазақстанның мүддесін қорғай білуі тиіс», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.






Соңғы жаңалықтар