Тәндерін жартылай жалаңаштаған әйелдер Буэнос-Айрес қаласының орталығынан елдің Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратына дейін жүріп барды. Акцияға үйде бала тууға қарсы заң бекітіліп, өз қызметтеріне тыйым салынады деп қорыққан акушерлер де қатысты. Денсаулық сақтау министрлігі осы шарадан кейін, акцияға қатысушыларға үкімет ешқандайда тыйым салмайтынын, тек үйде бала туудағы қауіпсіздік талаптарын күшейтетін заңға түзетулер мен толықтырулар әзірлеп жатқанын айтып, түсінік берді.
07:19, 15 Мамыр 2015
Үкімет талабына қарсы Аргентина әйелдері жартылай жалаңаш шеруге шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина әйелдері тек перзентханада ғана емес, үйде де босануға рұқсат беруді талап етіп, наразылық топлес акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.