Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейтуді тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізу керек екенін айтты.
Сонымен қатар депутаттар таңбалау операторының функцияларын мемлекетке беруді және тауарларды таңбалаудан қаражаттың ел бюджетіне түсуін қамтамасыз етуді сұрды.
«Тауарларды таңбалау және қадағалау жобасының негізгі мақсаты ЕАЭО елдері арасында кедергісіз сауданы қамтамасыз ету болып саналатынын ескере отырып, ЕАЭО мемлекеттерінде таңбалау операторлары жұмыс істейді. Операторлық институты ЕЭК шешімдерінде көзделген. Түрлі тауар топтары нарықтарының жұмысын үйлестіру және елдері арасында тауарлардың еркін қозғалысы үшін бірыңғай қағидалар қажет. Қазақстанда тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан аумағындағы осындай операторлармен өзара іс-қимыл арқылы осындай үйлестіруді қамтамасыз етеді», - деді Ә. Смайылов депутаттық сауалға жауап бере отырып.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41 тармағында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы ұғымы көзделген. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді әрі өзекті етуді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды, сондай-ақ ҚР Үкіметі айқындаған өзге де функцияларды іске асырады.
Сонымен бірге, Заңның 6-бабының 11-2) тармағына сәйкес, Үкімет бірыңғай операторды айқындау талаптары мен тәртібін, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекітеді, сондай-ақ конкурс қорытындылары бойынша бірыңғай операторды айқындайды.
Жоғарыда аталған ережені орындау үшін Үкіметтің 2019 жылдың 10 қыркүйектегі 672 «Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидаларын және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысы қабылданды.
Сонымен қатар, тиісті бұйырық бойынша бәсекелестік комиссияның және сараптама тобының құрамы, бәсекелестік құжаттама, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін тестілеу жоспары, конкурсты мерзімдері бекітілді.
Осы бұйрыққа сәйкес, жауыпты министрлік конкурс өткізді, оған төрт компания қатысты («ҚР«Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» ШЖҚ РМК, «Транстелеком» АҚ, «Логиком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ), олардың екеуі соңғы кезеңге рұқсат алды.
«Конкурс барысында және оның қорытындысы бойынша шешімді құрамына орталық мемлекеттік органдардың (СИМ, Қаржымині, ИИДМ, ҰЭМ, Әділетмині, ДСМ, АШМ, ЦДИАӨМ) басшылары мен бірінші басшыларының орынбасарлары және «Атамекен» ҰКП кіретін бөлімаралық бәсекелестік комиссия қабылдады. Өткізілген конкурс қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ жеңімпаз болып аталды және Қазақстан Республика Үкіметінің «Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторын айқындау туралы» қаулысына сәйкес, осы мәртебені заңды түрде алды. 2020 жылдың 3 наурыз 95 бұйрығы. «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық компания мәртебесіне ие және «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компанияларының қатарына кіретінің атап өтеміз», - деді Үкімет басшысы.