Естеріңізге сала кетейік, Министрлер кабинетінің кешегі алқалы жиынында аталған шараларды таныстырған Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің атап өтуінше, тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.
«Бірінші бағытта тұрғын үй құрылыс жүйесін пайдаланып жүзеге асыру үшін қымбат емес тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылса, келесіде құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру іске асырылады. Ал соңғы кезеңде инженерлік коммуникациялар салу қолға алынады», - деген еді агенттік төрағасы.
С.Нокиннің атап өтуінше, үш бағытта қарастырылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда жыл сайын елімізде шамамен 6 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілетін болады.