«Біз осы бағыттағы тетікті қарастырып жатырмыз. Бізде үлестік салым мәселесі бойынша арнайы кепілдендірілген қор құру мәселесі бар. Бұл - Оңтүстік Кореяның тәжірибесі. Бұл жұмысты біз «Бәйтерек» ұлттық холдингімен ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтайтын боламыз, тиісті толықтырулар мен өзгерістер де қажет. Соған орай, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін үлескерлер қаражатын қатаң реттеу жөніндегі заңнамалық базаны әзірлейміз деп ойлаймын», - дейді Е. Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында құрылыс компанияларына талаптарды қатайту жөніндегі жалпы нормалар да енуі мүмкін.