«Атап айтқанда, «KAZGOR» ЖШС, Қазақстан сәулетшілер одағы, Қазақстан дизайнерлер одағы, «Астана қаласы бас жоспарының ҒЗЖИ» ЖШС. Әр компания өзінің эскиз-идеяларын ұсынды. Байқауға қатысуға ниет білдірген басқа компаниялардан 13 ұсыныс келіп түсті. Қазіргі кезде 20 еңбектің барлығы елордалық қала құрылысы кеңесінің қарауына жіберілді. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте байқау қорытындысы шығарылады», делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылға республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонына апаратын инженерлік желілер мен кірме жолдардың құрылысы үшін нысаналы даму трансферттері түрінде Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін 1 миллиард теңге сомасында қаражат бөлу туралы қаулы етті. Бұл туралы «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі хабарлаған болатын. «Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы бойынша есеп берсін», делінген қаулыда.
16:36, 09 Қазан 2014
Үкімет «Ұлттық пантеон» инфрақұрылысына 1 млрд. теңге бөлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР «Ұлттық пантонының» үздік эскиз-идеялары таныстырылды. Байқауға қатысу үшін 7 компания, соның ішінде осы сияқты нысандарды жобалауда тәжірибесі бар 3 шетелдік (АҚШ, Италия, Иран) және 4 қазақстандық компания шақырылды, деп хабарлады astana.kz.