Үкімет үйінде Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.

Азиада нысандарын пайдалануға беру, жарысқа қатысушылар мен қонақтарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, допинг-бақылауды іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай - ақ Азия ойындарын өткізуге жалпы дайындықтың барысы талқыланды.

Ұйымдастыру комитеті отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.