Үкімет үйінде Астанада, Алматыда және Алматы облысында қысқы Азиада-2011 нысандарын салуды және жаңғыртуды қаржыландыру мәселелері қаралды

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы өтетін VII қысқы Азия ойындарына әзірлік және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұйымдастыру комитетінің талқылауына Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы Азиялық ойындар нысандарын салуды және жаңғыртуды қаржыландыру мәселелері енгізілді. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері сондай-ақ спорт нысандарын инфрақұрылыммен және инженерлік желілермен қамтамасыз ету мәселелерін қарады.Премьер-Министр жауапты адамдарға Азиада нысандарын салу мен жаңғырту кестесін сақтау, сондай-ақ Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанаттарына әзірлік және оны өткізу мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді