деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске қатысушылар ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің еліміздің 2010-2020 жылдардағы атом саласын дамыту жөніндегі ұсыныстарын қарады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда әзірленіп жатқан Қазақстанның атом өнеркәсібі мен атом энергетикасын дамыту бағдарламасына, атом саласындағы ғылымды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаралар бойынша да ұсыныстар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына саланы дамыту бағдарламасына қатысты нақты ұсыныстарды дайындап, енгізуді тапсырды.