Үкімет үйінде ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ревизиясы мәселелеріне арналған селекторлық кеңес болып өтті

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ревизиясы, оны тиімді және үнемді пайдалану мәселелеріне арналған селекторлық кеңес өткізді.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Толығырақ ақпаратты ҚР Үкіметінің http://www.pm.kz/ ресми сайтынан оқуға болады.