Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың алдағы даму мәселелері, соның ішінде - қазақстандық инвестицияның Грузия экономикасының әр түрлі салаларына тартылуы мен көлік, энергетика және инфрақұрылымның дамуындағы ықпалдастықтың кеңеюі мәселелері талқыланды.